Семинар-тренинг
20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қуандықова Зауре Алибековна және аталмыш мекеменің анықтама - библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Хибасова Дина Алтыбаевна Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында болып, семинар-тренинг өткізді. Бұл сабаққа орталық кітапхана қызметкерлері сондай-ақ Шетпе кентіне қарасты барлық ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Сабақта кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің жұмысы, соның ішінде каталог және оның түрлеріне тереңірек тоқталды. Анықтама-библиография бөлімінің жалпы жұмысы, картотекалардың түрлері, Web-PABIS ақпараттандырылған жүйесінің модульдерімен таныстырылды.
#семинар #тренинг #маңғыстаукітапханасы #маңғыстауауданы #кітапханашы
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі ...
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...