Халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Иран Ислам Республикасының елшілігі кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, құрметті қонақтар және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Шетел әдебиеттер залында Иран әдебиеттері бұрышы ресми түрде ашылып, жаңа сөрелерге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында ұлы парсы ақыны Фирдоусидің шығармашылығы мен мұрасы туралы естеліктер айтылды. Иран делегациясы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл шара – халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барлық оқырмандарды Иран әдебиетінің бай мұрасымен және Фирдоуси шығармаларымен танысуға шақырамыз!
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш ...
9 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Тәуелсіздіктің елең-алаң тұсында дінге деген көзқарас әртүрлі белең алғаны рас. ...
Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана, Маңғыстау тарихи қорық мамандарымен ...
13 желтоқсан күні 16 желтоқсан Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнін мерекелеу ...
13 желтоқсан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапхана балалар ...
Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының ...
"Махаббат пен жастықтың жыршысы". Осындай тақырыппен кітапханамызда Мұрын Жырау ...
29 қараша күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ...
29 қараша күні Қ.Сыдиықов атындағы балалар бөлімінде "Кітапханаға саяхат" атты ...

















