• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітапханадағы іс-шаралар

  Биылғы жылдың мамыр айында Маңғыстау облыстық кітапханасында түрлі мәдени-әдеби, патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Соның ішінде Балаларға арналған әдебиеттер бөлімінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Бірлігі жарасқан  - Қазақстан» атты көрме ұйымдастырылып мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне таныстырылды.           

  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай оқушыларға қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, балаларды  адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу мақсатымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, өткізілді  Шараға қаламыздағы №33 мектептің 4 сынып оқушылары , №34 «Болашақ»  балабақшасының балалары қатысты. Балалар патриоттық өлеңдер оқыды, әндер орындады. 

15-мамыр күні  балалар жазушысы М. Етекбаевтың 90 жылдығына орай «Алатау ертегілері» шығармасын суреттеу арқылы жақсылық пен жамандықтың күресін, еңбекқорлық, үлкенді құрметтеу,  мейірімділік, табиғатты қорғау сияқты құндылықтарды балалар арасында насихаттай отырып кітапханашылар ЖИ бойынша талдап суреттеу сағатын өткізді. «Алатау ертегілері» оқырмандарды туған жерді сүюге, табиғатты аялауға және адамгершілік қасиеттерді қадірлеуге тәрбиелейді.  

https://www.instagram.com/balalar_bolimi?igsh=ZGs4NjJvb2RlZGx4 




14 сәуір күні IQ мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге кітапханаға ...

Жаңалыққа өту  

Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос ...

Жаңалыққа өту  

  Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кітапханашысы Назира Қожахметқызы Даулетованың ...

Жаңалыққа өту  

Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған ...

Жаңалыққа өту  

Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыс кітапханаларында түрлі іс-шаралар ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне және Кітапханашылар күніне орай Қабиболла ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...

Жаңалыққа өту  

4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...

Жаңалыққа өту  

Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 16 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу