Өнер әлеміне өшпес із қалдырған
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, рухани жаңару үстінде болады. Бүгін Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының арнаулы кітапхана бөлімі балалық шағында тағдыр тәлкегіне тап болса да, болашаққа үлкен сеніммен қарап, өмір сәтсіздіктерін жеңіп, өнер әлеміне өшпес із қалдырған Жақсыкелді Сейілов шығармашылығына сазды кеш ұйымдастырды. Әнші, сазгер қазіргі Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 1949 жылы дүниеге келген. Алты айында шешек ауруынан қос жанарынан, үш жасында анасынан айрылып, қабырғасы қатпай жатып, өмірдің қатал сынағына ұшырады. Дауасыз дерт қарашығын қараңғылағанымен, көкірек көзін жаба алған жоқ. 1971 жылы «Қаракөз» вокалды аспаптар ансамбілін құрып, оның көркемдік жағын басқарды. Сол арқылы композитор әрі әнші ретінде көпшілік қауымға таныла бастады. «Неге солай», «Ана туралы баллада», «Кездесу», «Айналайын қанатым», «Нан туралы баллада» атты әндері республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. 1975 жылы Жезқазған филормониясынан «Жезкиік» атты ансамбль құрды.
Жақсыкелді Сейілов 1974 - 1976, 1983 - 1985 жылдары Жезқазған облыстық қазақ соқырлар қоғамын басқарды. Әуесқой композитордың «Ана туралы баллада» атты әні Мәскеуде, Прибалтика республикаларында өнер сүйгіш қауымнан жақсы баға алды. Кеште сазгердің "Жез киік", "Әке туралы ой" әндерін Маңғыстау облыстық филормониясының әншісі Әзімхан Баймағанбетов, "Неге солай" әнін оқырмандар Гайсина Майра, Чопанова Қалау, баянда Ибраев Болаттың сүйемелдеуінде орындады. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінің 1 курс студенттері Дүйсенова Нұржамал мен Асхаров Ершуақ күй төкті. Облыстық зағиптар қазақ қоғамының оқу өндірістік кәсіпорын басшысы, Ақтау қаласының «Құрметті азаматы» Тілепов Боранбай Кемелұлы сазгермен бірге болған кездегі естеліктерімен бөлісті.
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 ...
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, ...
28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз ...
2-сәуір күні «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акциясы аясында облыстық ...
22 сәуір күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінің ұйымдастыруымен ALIYA TUMAN сән ...
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір ...
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл ...
23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - ...
12-сәуір күні облыстық кітапханада "Мағжанмен бір жыл" жобасы аясында «Солтүстік ...
Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған ...