• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Кітап&кино» жобасы

«Кітап&кино» жобаның мақсаты: әдеби шығармалардың фильмге бейімделуімен және кино тарихымен танысу. Экрандалған шығармаларды оқуға құштарлығы анықтау. 

17 сәуір күні   «Кітап&кино»   жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының желісімен түсірілген « Бауыржан Момышұлы» атты кинофильмі көрсетіліп, талданды.

Оқырмандарға  Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерге сүйене отырып мәліметтер берілді.Ұлы Отан соғысында отан үшін от кешкен –қаламгер, Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы туралы айтылды. Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» басқада шығармаларымен таныстырылды. 

23 Сәуір күні  «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында  «Кітап+кино» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың шығармасы желісімен түсірілген «Ботагөз» кинофильмі көрсетіліп, талданды. «Ботагөз» романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.Қазақ елінің басынан өткізген қиын қыстау кезеңді  оқырмандар осы шығарма арқылы оқып кинофильмін көріп өз ойларын айтты.Шығарманы аяғына дейін оқуға тиіс екендерін айтып пікірлерімен бөлісті 



Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...

Жаңалыққа өту  

Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...

Жаңалыққа өту  

Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу