Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар ...
Жаз айы - балалар айы. Жазғы тынығу лагері балаларымен балалар бөлімінің жоспарлы ...
Бүгін, 15 маусым күні, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...