Техникалық әдебиеттерді насихаттау барысында
26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен еске алу кеші өтті.
Қазыналы түбектің жерасты байлығын талмай іздеп, тауып, ел игілігіне айналдыру геолог-барлаушылардың еңбегі айрықша. Бұл ретте Лениндік сыйлықтың лауреаты, Ленин Халықтар достығы, Құрмет ордендерінің иегері, ел ішінде, «Маңғыстау геологтарының атасы» атанған Валентин Петрович Токаревтың 100 жылдығына орай еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеште мұнайшы, геолог Сағын Ерқасынұлы Қырымқұлов № 24 мектеп 10-11 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандарына Валентин Токаревпен жұмыстас болмаса да бір салада жұмыс жасағанын жақсы араласып, отбасы жайлы білетінін айтты. Экономикамыздың жетекші саласы - мұнай болса, оның қайнар көзін табатындар геолог - барлаушылар. Сол мамандық иелерінің бірі Валентин Петровичтің сіңірген еңбегі, ортақ табысқа қосқан үлесі мол. Бас геолог жас геологтардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп, қанат бітіріп, білгенін үйретіп, тәжірибесінен тәлім беріп, тиімді жұмысқа жұмылдыра білді.
20.03.2025 ж. Академик, техникалық ғылымдарының докторы, әдебиет сыншысы, аудармашы, публицист, ақын Евней Букетов Арыстанұлының 100 жылдығына орай «Дара туған тұлға» атты кітап көрмесін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжісіне барып таныстырылды. Колледжі студенттеріне Евней Букетовтың өмір баяны мен жасаған еңбектерін кітаптары насихатталды. Евней Букетов туралы сұрақтар қойылып, белсене қатысқан студенттерге алғыс хат табысталды.
04.04.2025 ж. Саналы ғұмырын Маңғыстау өлкесінің мұнай саласын өркендетуге арнаған, еңбек жолын қарапайым геолог-барлаушыдан бастап, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының Бас директоры болған, Қазақстан Республикасы жер қойнауын барлау ісінің Құрметті барлаушысы, «Еңбек сіңірген геолог» Қырымқұлов Сағын Ерқасұлының 85 жасына орай «Сабырлы өзен тәрізді» атты кездесу кеш өтті. Сонымен қатар іс-шара аясында Нұрғаным Имашева Меңдіғалиқызының авторлығымен жарық көрген «Қырымқұлов Сағын Ерқасұлы» кітабының тұсаукесері өтті. Аталған кітаптың демеушісі – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және Н.Ә. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қоры.
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар ...
Жаз айы - балалар айы. Жазғы тынығу лагері балаларымен балалар бөлімінің жоспарлы ...
Бүгін, 15 маусым күні, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...