«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
9 наурыз күні кітапханамызда "Кітап - мәңгілік елдің мәдени мұрасы" атты ашық есік ...
8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні кітапханамызда «Әйел - ...
6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты әнші, ...
Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханамызда ...
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ...
15 ақпан күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
14 ақпан күні балалар бөлімінде оқушыларға кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. ...
21 ақпан - Ана тілі күні мерекесі. Осыған орай 15- ақпан күні оқырмандарға қызмет ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
13-ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Пахтакор» өзбек ...
























