«Оқы, талқыла, досыңа ұсын» жобасы
Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ұсын» жобасы аясында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасына талдау өткізілді. «Кітап оқудан алған әсерім» атты бөлімде балалар өз ойларын ортаға салып, шығармадан оқыған әсерлерін жазып, әңгімеледі. «Серпілген сауалнама» атты бөлімінде балалар шығарма бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Ақпан айында «Оқы, талқыла, досыңа ұсын» жобасы аясында Е.Бөкетовтың «Жас Қаныш» атты кітабы талданды. Халқымыздың рухани әлеміндегі ерекше тұлға Қ.Сәтбаевтың балалық шағынан бастап өмір жолынан сыр шертетін бұл кітапта ұлттық құндылықтар туралы мол мағлұмат берілген, балалар өз оқығандарын ортаға салып талқылады. «Құтты білік» тұлғалық даму орталығының жетекшісі Мақсотұлы М. кітап бойынша балаларға сұрақтар қойып, ұлттық тәрбие, ұлтжандылық туралы әңгімеледі.
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...