«Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирінде
Маңғыстаудың төл телеарнасынның «Төрлетіңіз» бағдарламасындағы тікелей эфирге 30 шілде күні Маңғыстау облыстық кітапханасының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалының қоғамдық қызметкері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, өзге ұлт өкілдері мен орыс тілді қазақ оқырмандарға мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Тіл – достық көпірі» үйірмесінің жетекшісі Жалғасбаев Алпысбай мырза тікелей эфирде арнайы қонақ болып, сұхбат берді.
Тікелей эфир барысында Алпысбай мырза қазақ тілін үйретудегі тәжірибесі, арнаулы бөлім оқырмандарымен жүргізіп жүрген жұмыстары, мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері мен орыс тілді азаматтарға қолдау көрсету бағыттары туралы әңгімеледі. Телебағдарламаның тікелей эфиріндегі тағылымды сұхбат Алпысбай Жалғасбаевтың тіл үйрету бағытындағы еңбегін кеңінен танытып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған игі бастамалардың маңызын көрсетті.
«Тіл – достық көпірі» үйірмесінің басты мақсаты – қазақ тілін үйренуге ниетті жандарға қолайлы орта қалыптастырып, мемлекеттік тілді күнделікті қарым-қатынаста еркін қолдануға ықпал ету. Өйткені тіл – адамдарды жақындастыратын, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын рухани көпір.
Тіл үйрену – бірлікке бастар жол, ал тіл – достықтың алтын көпірі!
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...
28 маусым күні өнер бөлімі кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра ...
26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...
22 маусым күні оқу залымызда қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали ...
Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...
























