• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Инклюзивті кітапхана

   Облыстық кітапхана жанынан көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналаған арнайы кітапхана филиалы жұмыс жасайды.

Кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.  Филиалында  күшейткіш құрылғы, аудио магнитофондар, аудио флэш плэйер, Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелі принтері орнатылған..

Көзі көрмейтін  және  нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалы  Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Арнаулы білім беру ұйымы»,  облыстық  арнай  мектеп-интернаты, арнаулы балабақша, «Саған сенемін» қоғамдық  бірлестігі, Маңғыстау  облыстық  Бекет ата мешіті  және  Қазақ Зағиптар қоғамының Маңғыстау облыстық  филиалымен бірлесіп жұмыс жасайды.

Филиалдың кітап қорында бедерлі-нүктелі қаріппен басылған кітаптар, CD, DVD аудиокассеталар, мерзімді басылымдар т.б. құжаттар бар. Филиал қоры үнемі жаңартылып, толықтырылады.

Арнаулы  бөлімде  қоғам қызметкерлері  Ибраев Қуаныш Салхаденович, Жалғасбаев Алтпысбай  Тасубайұлы,  Кусаинова Сайда,  Петренко Ната́лья Андре́евна  жұмыс жасайды.

Ибраев Қуаныш  – мәдени шараларды ұйымдастыру  (аудио кітаптарды жазу, музыкамен көркемдеу.)

Жалғасбаев Алтпысбай «Тіл - достықтың алтын көпірі»  атты үйірмесінің жетекшісі.

Кусаинова Сайда «Саусақ ұшындағы әлем» Брайль жүйесімен оқып-жазуға үйрету үйірмесінің  жетекшісі. 

Петренко Ната́лья Андре́евна  «Шектеусіз мүмкіндік» компьютерлік сауаттылыққа үйрету курсы жетекшісі.

    

Мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:

https://egov.kz/cms/kk/articles/invalids

Көпшілік шараларға қатысу: 

Маңғыстау облыстық зағиптар қоғамы мүмкіндігі шектеулі  азаматтар арасында мәдени және спорттық сайыстар  өткізеді (ән айту, жеке аспапта ойнау, дойбы ойнау, көркем сөз  т.б.) 

    Ибраев Қуаныш Салхаденович «Халықаралық зағиптар» күніне орай қоғам мүшелері арасында  облыстық  «Ақ таяқ» шығармашылық байқауында  Дойбы турнирі бойынша   1-ші  орын.

    7 мамыр – Отан қорғаушылар және  9 мамыр – Ұлы Жеңіс  күніне орай  ұйымдастырылған «Ерлік даңқы - мәңгілік» атты ашық микрофонға белсене қатысқаны үшін марапатталды.

    Арнаулы бөлімде ұйымдастырылған әлемге әйгілі француз тифлопедагогы, зағиптарға арналған әліппенің авторы Луи Брайльдың туғанына 215  жыл толуына орай «Брайль жүйесі бойынша» оқу сайысында   1-ші  орын алды. 

    Жалғасбаев Алтпысбай  Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 179 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты ақынның шығармашылығы мен рухани болмысын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға үлес қосқаны үшін марапатталды.

  Облыстық  «Сырлы әлем» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық байқауында өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Арнаулы бөлімде Брайль қаріпінде арабша курс өтіп, оқырмандар сертификаттармен марапатталды.

Арнаулы бөлімнің тұрақты оқырмандары: 

   Досов Нұржан   «Халықаралық зағиптар» күніне орай қоғам мүшелері арасында облыстық  «Ақ таяқ» шығармашылық конкурсында Көркем сөз номинациясында  1-ші орын.  Республикалық «Абай әлемі»  байқауына  қатысып  жүлделі орынға ие болды.

   Бекова Гүлнұр  «Тілге құрмет – елге құмет»  атты байқауында І дәрежелі дипломмен және кубокпен марапатталды.

   Базарбаев Өтеген   Маңғыстау облыстық зағиптар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген  Шәмші Қалдаяқовтың  90 жыл толуына  орай  «Шәмшіге арнау»  атты  ән байқауында 1-ші орын.

   Қазақстан Республикасы зағип өнерпаздар арасында «Екі жұлдыз» ән фестивалінің дипломанты.

    Ниеткалиева  Шынар Болатқызы Республикалық «Абай әлемі»  байқауына қатысып,  бас жүлдеге  ие болды.

    Облыстық  «Сырлы әлем» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шығармашылық байқауында    І орынға  ие болды.

 



14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...

Жаңалыққа өту  

13 сәуір күні  Қ. Сыдиықов  атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

Жаңалыққа өту  

Әнші Әміре Қашаубайұлының өмірі мен творчестволық жолына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...

Жаңалыққа өту  

Балалар бөлімінің қызметкерлері балалар кітабы мерекесі мен қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Жыл сайын 2-сәуір балалар кітабы мерекесі апталықтармен аталып өтеді. Апталық ...

Жаңалыққа өту  

Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған терроризм, эстремизм туралы мәселелер ...

Жаңалыққа өту  

ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ...

Жаңалыққа өту  

Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...

Жаңалыққа өту  

"Кітап қорын сақтау" бөліміне келген жаңа кітаптармен таныстыру  барысында. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу