«Book club»
Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында шілде, тамыз және қыркүйек айларында ағылшын тілінде «English speaking club» пен «Book club» және қазақ тілінде сөйлесу, француз тілін үйрену курстары өз жұмыстарын жалғастырып өткізді.
Ағылшын тілінен «English speaking club» үйірмесі барысында белгілі бір тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып, бір-бірімен ойларын бөлісіп, аудио тыңдау арқылы практика жүргізіп, бейнежазбалар көрсетіледі. Әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар беріліп, сол тақырыпта әңгіме айтып және жауап беру арқылы ағылшын тілінде сөйлеседі. Үйірме аптасына бір рет өткізілді. Жетекші Мисук Ли.
Тамыз айында басталған ағылшын тілінен «Book club» үйірмесінде қатысушылар ағылшын тіліндегі кітаптарды оқып-түсініп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бір айда бір кітап таңдалып бірге оқылды. Үйірменің жетекшісі Құдайбергенқызы Арайлым.
Француз тілін үйрену барысында қатысушылар француз тілінде бастапқы деңгейде сөйлеу, оқу, жазу және әліпбиін үйренді. Француз тілі курсының жетекшісі Исхаков Асхат. Курс аптасына бір рет өткізілді.
Тамыз айында басталған қазақ тілінде сөйлесу үйірмесі барысында қатысушылар өз ойларын қазақ тілінде жеткізіп, пікір алмасу тәжірибесін жинақтап, сөздік қорын кеңейтіп, күнделікті тұрмыстық жағдайларда қазақ тілінде еркінірек сөйлеуге үйренді. Жетекшісі Құдайбергенқызы Арайлым. Үйірме аптасына бір рет өткізілді.
Кітапханаға кел! Бізбен бірге дамы!
Суырып салма ақын Ә. Найманбайұлының туғанына 150- жыл толуына орай өнер бөлімінде ...
8 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Күзгі гүлшоқтары" ...
1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған оқырмандарға қызмет көрсету ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі ...
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...




















