«Құқықтық сауаттылық – өмірлік қажеттілік»
Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 қыркүйек күні №24 жалпы білім беретін мектепте жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Менің құқығым – менің міндетім» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Пікірталас барысында оқушыларға адам құқықтары, бала құқықтары, азаматтардың міндеттері және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсініктер берілді. Құқық пен міндеттің өзара байланысы, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері талқыланды.
Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Түрлі құқықтық жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін толықтырды.
Сонымен қатар «Құқықтық сауаттылық – өмірлік қажеттілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды. Көрмеге құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған әдебиеттер қойылып, кітаптардың мазмұны туралы ақпарат берілді.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға деген құрметін арттыру. Қатысушылар саны: 123 адам
https://www.instagram.com/reel/Dd14k2nITGg/?stkn=MTA5Z3IwbDVhZGJ0NA
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...

























