• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Техникалық әдебиеттерді насихаттау барысында

26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен еске алу кеші өтті.

Қазыналы  түбектің  жерасты байлығын талмай іздеп, тауып, ел игілігіне айналдыру геолог-барлаушылардың еңбегі айрықша. Бұл ретте Лениндік сыйлықтың лауреаты, Ленин Халықтар достығы, Құрмет ордендерінің  иегері, ел ішінде, «Маңғыстау геологтарының атасы» атанған  Валентин Петрович Токаревтың  100 жылдығына орай еске алу кеші ұйымдастырылды. Кеште мұнайшы, геолог Сағын Ерқасынұлы Қырымқұлов № 24 мектеп 10-11 сынып оқушылары мен  кітапхана оқырмандарына Валентин Токаревпен жұмыстас болмаса да бір салада жұмыс жасағанын жақсы араласып,  отбасы  жайлы білетінін айтты. Экономикамыздың жетекші саласы - мұнай болса, оның қайнар көзін табатындар геолог - барлаушылар. Сол мамандық иелерінің бірі Валентин Петровичтің сіңірген еңбегі, ортақ табысқа қосқан  үлесі мол. Бас геолог жас геологтардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп,  қанат бітіріп, білгенін үйретіп, тәжірибесінен тәлім беріп, тиімді жұмысқа жұмылдыра білді.  

20.03.2025 ж.  Академик,  техникалық ғылымдарының докторы,  әдебиет сыншысы, аудармашы, публицист, ақын  Евней Букетов Арыстанұлының  100 жылдығына орай  «Дара туған тұлға» атты кітап көрмесін Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжісіне барып таныстырылды. Колледжі студенттеріне Евней Букетовтың өмір баяны мен жасаған еңбектерін кітаптары насихатталды. Евней Букетов туралы сұрақтар қойылып, белсене қатысқан студенттерге алғыс хат табысталды.  

04.04.2025 ж. Саналы ғұмырын Маңғыстау өлкесінің мұнай саласын өркендетуге арнаған, еңбек  жолын  қарапайым геолог-барлаушыдан бастап,  «Маңғыстаумұнайгаз»  компаниясының Бас директоры болған, Қазақстан Республикасы жер қойнауын барлау ісінің Құрметті  барлаушысы, «Еңбек сіңірген геолог» Қырымқұлов Сағын Ерқасұлының 85 жасына орай «Сабырлы өзен тәрізді» атты кездесу кеш өтті. Сонымен қатар іс-шара аясында Нұрғаным Имашева Меңдіғалиқызының авторлығымен жарық көрген  «Қырымқұлов Сағын Ерқасұлы» кітабының тұсаукесері өтті. Аталған кітаптың демеушісі – «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ және Н.Ә. Марабаев атындағы   «Мұнайшы»  қоғамдық қоры. 



Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...

Жаңалыққа өту  

Наурыз айында  анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...

Жаңалыққа өту  

 14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...

Жаңалыққа өту  

14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу