"Парасат жолы" орталығы
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мақсаты: Бүгінгі жиынымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытында «Адалдық алаңы» аясында «Парасат жолы» орталығын құру. Біріккен іс-қимыл жоспарын жасау. Осы мақсатпен зиялы қауымдарды, ұлт өкілдері орталығын, білім басқармаларын, жұртшылықты «Парасат орталығы» жұмысына тарту, сол арқылы қоғам назарын кітап оқуға аудару, жұртшылықты кітап оқу арқылы тәрбиелеуді жандандыру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысы әкімнің орынбасары Гүлмира Мұратқызы, Маңғыстау облысының дін істер басқармасының басшысы, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Оңалбайқызы Сармурзина, зиялы қауымдар, ақын-жазушылар, украин және татар этно-мәдени бірлестіктері, Ш. Есенов университет мұғалімдері, Мәдениет басқармасына қарасты мекеме басшылары, колледж мұғалімдері, журналистер.
Аталмыш орталық ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бірлескен жобасы.16 қазан күні балалар бөлімі от тілді өр ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына ...
13-қазан күні оқу залында жасөспірімдер бөлімі қаладағы колледж студенттері ...
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек ері, халық ...
Астанада 1-2 қазанда Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының мәдениет күндері өтті.. ...
Кітапханамыздың өнер бөлімінде 1 қазан – Халықаралық музыка күніне арналған ...
Кітапханалық қызмет көрсету кешенді машинасымен 8,9 қыркүйек күндері Атамекен ...
2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан ...
1 Мамыр-Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай №8 орта мектебінің 9 сынып ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және ...