«Құжаттар жинағы» кітабы
Ақтауда ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған кітап жарық көрді.
24 сәуір күні Ақтауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Маңғыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы облыстық кітапханасында өтті. Тағылымды басқосуда «Құжаттар жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің бас сарапшысы Құралай Себепбаеваның айтуынша, кітаптың таралымы 500 дана болып жарық көрген.
— Бұл – Ұлы Отан соғысы кезеңіне қатысты 190-нан астам тарихи құжат топтастырылған көлемді жинақ. Онда қазақ және орыс тілдерінде соғыс жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік ахуал, эвакуацияланған халықтың жағдайы, әуе және химиялық шабуылдардан қорғану, майданға көрсетілген көмек жөніндегі маңызды мәліметтер қамтылған. Конференцияға қатысқан 120-дан астам қонаққа кітап үлестірілді, — деді Құралай Себепбаева.
Ақтау қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қаржаубай Аққұлов, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Даржок Сейбағытов тарихи жинақтың тұсауын кесті.
Шара соңында Маңғыстау облысының мемлекеттік архиві Жеңістің мерейтойларына арналған 1995–2020 жылдар аралығында жарыққа шыққан кітаптар туралы бейнеролик көрсеттті.
: https://otpannews.kz/kz/news/aktauda-ii-duniezhuzilik-sogyska-katysty-190-nan-astam-tarikhi-kuzhat-toptastyrylgan-kitap-zharyk-kordi
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік рәміздер -ел мерейі" атты ...
Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатырған бағыттың бірі-латын әліпбиіне ...
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...
Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...
Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...
Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...
Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...