«Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды
Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған күнтізбе бойынша алғаш рет 23 сәуірде атап өтіліп жатқан Кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға ардагерлер ұйымының төрағасы Ч. Әбілов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р. Шамуханов және мәдениет бөлімінің басшысы Е. Құли қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Кеш барысында кітапхана саласының дамуына үлес қосқан кітапхана қызметкерлері Г. Ермекова, Ә. Тұрсынғалиева, С. Нұртазаева және Л. Жакипова сынды мамандар арнайы марапаттарға ие болды.
Мереке аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір кітап – бір ұжым» жобасы негізінде «Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, оқырман мәдениетін көтеру және ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру. Биылғы дода Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» дилогиясына арналды.
Сайысқа аудандағы №3, №4, №6, №12, №13, №14, №17, №18 және №21 жалпы білім беретін мектептердің ұжымдары қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты:
«Сұрақ – жауап»: шығарма мазмұны мен терминдері бойынша куиз-сынақ, "Мен осы кітапты оқуға кеңес беремін" тақырыбында кітапты жарнамалау үшін жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдаланып бейнероликтер дайындап, "Өнерлінің өрісі кең" кезеңінде роман желісі бойынша сахналық қойылымдар қойылып, монологтар оқылды.
Байқаудың әділ бағасын белгілі мәдениет, әдебиет және кітапхана саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы берді. Шара соңында
Бас жүлде: 12 - ЖББМ,
1- орын: 13 мектеп-гимназия,
2 - орын: 18 ЖББМ,
3- орын: 3 ЖББМ ұжымдары иеленді. Қалған ұжымдар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Осындай атпен бүгін яғни 26 қазан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің "абонемент" бөлімінде Қазақстанның ...
Нұрмұқан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында ақын ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында апта бойы оқырмандардың ...
14 қазан куні балалар бөліміне Ақшұқыр елді мекенінен 1 топ бала кітапханамен ...
Алаш партиясының 100 жылдығына орай 17 қазан күні «Алаш - өткен күнгі ел тарихы» ...
13 қазан күні балалар бөлімінде "ЭКСПО - 2017 балалар көзімен" атты сурет салу ...
Жасөспірімдер бөлімінде Ұлы жазушы М. Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай ...
Суырып салма ақын Ә. Найманбайұлының туғанына 150- жыл толуына орай өнер бөлімінде ...
8 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Күзгі гүлшоқтары" ...




















