Аймақтық шаралар
23 қазан күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан –Республика күніне орай және Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына «Менің Қазақстаным» атты онлайн кездесу кеші Құрманғазы аудандық орталық кітапхана жүйесіне қарасты Қошалақ ауылдық кітапханасымен бірлескен шара өтті. Шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.Тікелей эфир онлайн кездесуіміздің қадірлі қонағы –Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті кітапханашысы, жұмекентанушы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ ауылының кітапханашысы Есмұхан Жанизин Долайұлына кезек берілді. Ақын Ж.Нәжімеденовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтер, еске алу жазбалары туралы айтылды. Келесі кезекте кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Жігер» шығармашылық клубының мүшелері ақынның өлеңдерін мәнерле, жатқа оқыды. «Жырмен өрілген Республика» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Кеш соңында №99240 әскери бөлім командирі барша қазақ халқын Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Шараға белсене қатысқан оқырмандар, ұстаздар Қ.Сыдиықов атындағы МОӘК- ның атынан Алғыс хатпен марапатталды және өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының кітаптары сыйға берілді. Шараға Мұнайлы ауданы,«Қыран» мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары және ұстаздары, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университетінің 1курс студенттері, Ақтау технологиялық және қызмет көрсету колледж 2 курс студенттер (,кураторы Сәнімгул Меңдиеева), №99240 Әскери бөлімінің командирлері мен сарбаздары және «Шабыт» өнер мектебінің жетекшісі Бердіғали Қуанышқалиұлы белсене қатысты.
Іс-шара мақсаты: Республика күні мерекесінің мәнін ашу,ақын, қоғам қайраткері Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттау, елге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру,жастарға патриоттық рух дарыту. Қатысушылар саны: 84 адам.
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...



















