Менің сүйікті кітабым
“Kitaptime-2025” Республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуды насихаттау мақсатында Түпқараған аудандық орталық кітапханасы Форт-Шевченко мектеп лицейінің оқушыларына жаңа кітаптарға арналған кітап көрмесін таныстырылып және де “Бір мақал - бір тәтті” атты мақал-мәтелдерден тұратын сұрақ - жауаптар ұйымдастырылды. Сұрақтарға жақсы жауап берген оқушыларға тәтті таратылды. іс-шара мақсаты: Кітап–сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету.
24 қыркүйек күні Түпқараған аудандық Орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Kitap Time -2025» жалпы Республикалық фестивалі аясында «Кітаптың қасиеті мәңгілік» және «Әрбір қазақ оқуы тиіс-100 кітап» атты шарасы Есбол Өмірбаев атындағы мектебінде болып өтті. Шара соңында ақын-жазушылардың жасырылған шығармаларын «Кім тапқыр» атты ойынында ойнатып, кітап көрмесімен таныстырылды.
Түпқараған ауданның Ақшұқыр ауылдық кітапханасы елімізде өткен 100 кітап жалпыұлттық сауалнама қорытындысы бойынша таңдалып алынған қазақстандық классикалық шығармалар мен үздік туындылардың кітаптарын “Алма” балабақшасының қызметкерлеріне жүрмелі көрме өткізді. “Алма” балабақшасының қызметкерлері өздеріне ұнаған шығармаларын оқуға жаздырып алды.
Рухани құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында Ақшұқыр ауылдық кітапханамызда ашық есік күні өткізілді. Бағдарламада: жаңа кітаптарға шолу; 100 кітап жалпыұлттық сауалнамасы; Ұлы Абайдың 180 жылдығына ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу; “Менің сүйікті кітабым” атты шығармаларды оқырман балалар арасында оқыған қызықты кітаптармен бөлісу болды.
«Қазақ әдебиетінің 100 таңдаулы кітабы» жобасы аясында Баутин, Аташ ауылдық кітапханаларында жастарды қазақ әдебиетінің, әлем классиктерінің алтын қорындағы шығармаларына қызығушылықтарын арттыру, кітапқа деген ерекше көзқарас қалыптастыру мақсатымен «Оқуға тиіс 100 кітап» атты тақырыптық кітап көрмелер жасақталды.
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...





















