«Кітап пен кітапханашы – білімнің қос қанаты»
Түпқараған аудандық орталық кітапханасы «Кітап пен кітапханашы – білімнің қос қанаты» тақырыбында аудандық форум ұйымдастырды. Форумның басты мақсаты – кітапхана саласындағы тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды талқылау және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Кеш барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, рухани құндылық ретіндегі орны кеңінен айтылып, кітапханашылар еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді.Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Өсер Тоқтағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала қызметкерін аудан әкімі Е. Күмісқалиевтің атынан Алғыстармен марапаттады. Сонымен қатар, Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы Айнагүл Бектұрқызы Құрмет грамоталарын табыстап, кітапхана саласының үздік мамандарына ерекше құрмет көрсетті. Сондай-ақ, кітапхана саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген ардагер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Әсем Мұқанқызының 75 жас мерейтойы аталып өтіп, құрмет көрсетілді.Форум аясында арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, кітапхана ісін дамыту бағытында мазмұнды баяндамалар жасады. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының әдіскері Түгелова Айсұлу Дәнекерқызы "Кітапхана және ЖИ" тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Жылдың үздік оқырманы», «Ең белсенді оқырман», «Үздік оқырман отбасы» номинациялары бойынша оқырмандар марапатталды.
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...


















