Республикалық акциясы аясында
«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы Маңғыстау облыс кітапханаларында кеңінен насихатталуда. Жылдың бірінші жартыжылдықта 30-дан астам әдеби іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Әр кітапханада республикалық акцияға арналған жылдық кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Шығарманы таныстыру мақсатында ақпан айында облыстық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әскери бөлімдер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеби кездесулер, таныстырылымдар және пікір алмасуларды ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында романның тарихи-танымдық, тәрбиелік маңызы айқындалып, елдік пен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Қатысушылар шығармада көтерілген ұлттық құндылықтар мен тағдырлы кезеңдердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігін жоғары бағалады. Аталған жұмыс «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етіп, кітап оқу мәдениетін арттыруға, әсіресе әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға оң нәтиже берді.
21 сәуір күні “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында Жасөспірімдер бөлімінде “Тағдыр – ұлттық рухтың көрінісі” тақырыбында кезекті оқырман конференциясы өтті. Шараның басты мақсаты – халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің биылғы 90 жылдық мерейтойына орай оның “Тағдыр” романын терең талқылау, сондай-ақ жас оқырмандардың төл әдебиетімізге, ұлттық құндылықтарымыз бен руханиятымызға деген қызығушылығын арттыру болды. Конференция барысында қатысушылар шығарма мазмұнына ой жүгіртіп, кейіпкерлер тағдыры арқылы ұлттық болмыс пен рухтың көрінісін талдады.
https://www.instagram.com/reel/DXbGYvHDIuG/?igsh=aTQ0dnQ0aDlqaTUw
Облыстық кітапханасының Арнаулы бөлімде Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығымен жақынырақ таныстырып, насихаттау мақсатында жыл бойы тоқсанына бір рет жарық көретін «Сәуле-Луч» бедерлі-нүктелі журналымыздың 1,2 сандарында Қ. Жұмаділовтің «Сырттан», «Жеті ата» т. б шығармалары жарияланды.
Облыс кітапханаларының оқырмандар клубтарында да акция аясында ұйымдастырылған түрлі форматта әдеби-мәдени іс-шаралар өтті.
"Тағдыр" романы — Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман.
Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді...
Акцияға белсене қатысуға шақырамыз!
28-қараша күні желтоқсан куәгерлері Айтжанова Айша Тұяқбайқызы, Маңғыстау облысы ...
«На наших глазах мир начинает новый, во многом неясный, исторический цикл. Занять ...
Құрметті оқырмандар! В рамках «Образовательного культурно – просветительского ...
Төл теңге мерекесі Ұлттық банкте жалғасты. 17 қараша күні, сағат 10-00-де ...
15 қараша күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының балалар ...
15 қараша күні , сағат 15-30-да Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары мен ...
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілді. ...
Шынайы - өнер, шынайы талант қанша жыл өтсе де мұқалмай, жаңа қырынан көрініп, ...
Биылғы Қазақстандық акция ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына арналды. ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында апта бойы оқырмандардың ...




















