"Ауған -ерлік пен естелік"
Егемендігімізді алып, еңсемізді көтеріп ес жиғалы бар жоғымызды түгендеу ұрпақ алдындағы борышымыз. Он жылға созылған 1979 - 1989 жылғы Ауған соғысында сүйікті перзентінен айрылып, қара жамылған аяулы аналарды, тағдыр тауқыметін тартқан жарымжан мүгедектерді , қаза болған қыршын боздақтарды тарих жоққа шығармайды. Осындай мақсатпен кітапханамыздың балалар бөлімінде "Ауған -ерлік пен естелік" атты әңгіме өтті.Шараға қаламыздағы 21,22 мектеп 5 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Ауған соғысы туралы мағлұмат беріліп, бейнероликтен үзінділер көрсетілді. Балалар бөлім меңгерушісі Таттігул Қуанбаева " Ауғанстан журектегі жара" атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Балалар бөлімі
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...