«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы облыстық кітапханада кеңінен насихатталды. Шығарманы таныстыру мақсатында әскери бөлімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер арасында әдеби кездесулер, таныстырылымдар және пікір алмасулар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында романның тарихи-танымдық, тәрбиелік маңызы айқындалып, елдік пен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Қатысушылар шығармада көтерілген ұлттық құндылықтар мен тағдырлы кезеңдердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігін жоғары бағалады.
4 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" романы таңдалып алынуына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділов – ұлт жазушысы» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге жазушының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, тарихи шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық сағат барысында Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы, шығармашылық қызметі және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар жазушының Дарабоз, Соңғы көш және «Тағдыр» романдары кеңінен таныстырылып, олардың тарихи, тәрбиелік мәні талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер жазушы шығармаларындағы ел тағдыры, ұлт бірлігі мен тәуелсіздік идеялары төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қатысушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, тақырып мазмұны тереңірек ашылды.
10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің ...
Биыл Ел рәміздерінің қабылданғанына 25-жыл. Кеште қатысушыларға мемлекеттік ...
Биыл саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні, яғни кінәсіз зардап шеккен ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік рәміздер -ел мерейі" атты ...
Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатырған бағыттың бірі-латын әліпбиіне ...
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...
Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...
Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...

























