• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Кітап&кино» жобасы

«Кітап&кино» жобаның мақсаты: әдеби шығармалардың фильмге бейімделуімен және кино тарихымен танысу. Экрандалған шығармаларды оқуға құштарлығы анықтау. 

17 сәуір күні   «Кітап&кино»   жобасы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының жазушысы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасының желісімен түсірілген « Бауыржан Момышұлы» атты кинофильмі көрсетіліп, талданды.

Оқырмандарға  Ұлы Отан соғысы туралы тарихи деректерге сүйене отырып мәліметтер берілді.Ұлы Отан соғысында отан үшін от кешкен –қаламгер, Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлы туралы айтылды. Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап» басқада шығармаларымен таныстырылды. 

23 Сәуір күні  «Ұлттық кітап күні» апталығы аясында  «Кітап+кино» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Сәбит Мұқановтың шығармасы желісімен түсірілген «Ботагөз» кинофильмі көрсетіліп, талданды. «Ботагөз» романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. 1-дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне аркау болған. Романдағы басты тақырып - қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры.Қазақ елінің басынан өткізген қиын қыстау кезеңді  оқырмандар осы шығарма арқылы оқып кинофильмін көріп өз ойларын айтты.Шығарманы аяғына дейін оқуға тиіс екендерін айтып пікірлерімен бөлісті 



Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Өмірге құштар өр тұлға" атты  №8 орта ...

Жаңалыққа өту  

24 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі өнер секторының «Ажур+»  ...

Жаңалыққа өту  

11 желтоқсан күні жасөспірімдер бөлімінде 16 желтоқсан- Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімі Каспий өңірі "Болашақ " колледжінің "ДО-15" тобының ...

Жаңалыққа өту  

Республикалық "Бір ел -бір кітап" акциясы бойынша биыл   І. Есенберлиннің ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінде қазақтың ұлы ғалымы: шығыстанушы, этнограф, географ, ...

Жаңалыққа өту  

17 қараша күні оқу залында Ұлағатты ұстаз, "Республика халық ағарту ісінің озық ...

Жаңалыққа өту  

 Қарашаның 11-жұлдызында қазақтың ұлы ғалымы,XIXғасырдың екінші жартысында Қаз  - ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу