Арнаулы кітапханада
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының құрамында «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» арнаулы кітапхана бөлімшесі бар. Мұнда қоғамның назар аударуын қажет ететін, басқа азаматтармен тең түрде толық ақпарат алып отыруға құқылы көз мүгедектеріне қызмет көрсетіледі. Жоспар бойынша әр түрлі ақпараттық шаралар ұйымдастырылады. Кітаптарды дауыстап оқып береді. Көзі көрмейтін азаматтарға арналған дауыстап жазатын (говорящий компьютер) бар. Брайль шрифінде нүктелі-бедерлі кітаптар бар. Қысқасы қоғамның әрбір мүшесі ақпараттан тыс қалмайды, бастысы ақпарат білуге қызығушылығыңыз болса Сіз құқылысыз.
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...