Кітап таныстырылымы өтті
Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген қандастар қаншама. Олар қай жерде жүрсе де Отанына оралу мүмкiндiгiн күтуден еш жалығар емес...
Бүгін облыстық кітапханасында "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы аясында Көрпе Таған Дәрібайұлының ""Елге ел қосылса- құт" атты кітабының таныстырылымы өтті.
Автор Көрпе Таған Дәрібайұлы, Отыншы Көшбай, Есберген Іңірбаев, Нияз Тобыш сынды қаламгерлер сөз алып, кітап жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Шара соңында, таныстырылымы өткен «Елге ел қосылса – құт» кітабы кітапханаға табысталды.
Құрметті оқырмандар! Жақын арада кітапты кітапхана қорынан ала аласыздар.
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...