Махаббат пен жастықтың жыршысы
"Махаббат пен жастықтың жыршысы". Осындай тақырыппен кітапханамызда Мұрын Жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттерімен кеш өтті. Кешті кітапханашы Мираш Биниязова әсерлі жүргізді. Әзілхан Нұршайықов атамызды білмейтін оқырман жоқ шығар. Бір оқырмандар "Ақиқат пен аңыз" арқылы батыр Бауыржан атамызды таныса, бір оқырмандар "Махаббат қызық мол жылдар" арқылы адал махаббатты қиялдап ержетті. Өзінің жан жары Халимаға арнаған шығармасымен де адал махаббаттың үлгісін көрсеткен Әзілхан Нұршайықов шығармалары Қазақстанда ең көп оқылатын кітаптар қатарында. Оқымаған оқырмандар болса оқуға кеңес береміз. Еш өкінбейсіз!
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...