Жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон
Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Alatau Creative Hub орталығында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктірді.
Маңғыстау облыс кітапханаларының кітапханашылары да бұл шараға белсене қатысты.
Хакатон қатысушылары кітапхана саласын дамытуға бағытталған жобалар мен идеясын таныстырды. Алматылық жас мамандар қала әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Швейцария, Германия, Финляндия, Эстония және Швеция елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтіп, шетелдік үздік тәжірибе мен оларды жергілікті жағдайға бейімдеу тәсілін айтты.
Алғашқы хакатон жас кітапханашылардың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан кітапханаларының жаңғыруға, инновация енгізуге және елдің мәдени-оқу өміріндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...