Жұмыс сапарымен - Жаңаөзенде!
Облыстық кітапхана қызметкерлері Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана мен кітапхана филиалдарына жұмыс сапарымен барып, негізгі қызметтеріне сараптама жүргізді. Сонымен бірге жаңа салынып жатқан қалалық орталық кітапхана құрылысымен де танысты.
«Жаңаөзен қалалық орталық кітапханасы» ММ–сіне қарасты 8 кітапхана филиалы бүгінгі таңда 155 664 тұрғынға (қала орталығында 79 937 адам, ауылдарда 75 727 адам) қызмет көрсетеді.
Инфрақұрылым бойынша 8 кітапхананың 5-еуі қала орталығында (бейімделген ғимараттарда), ал 3-еуі қалаға қарасты ауылдардағы (Қызылсай, Теңге, Кендірлі) Мәдениет үйлерінде (типтік үлгіде) орналасқан.
Жаңаөзен қалалық орталық кітапханасы 1976 жылы құрылған. Мекенжайы: Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағынауданында орналасқан. Кітапхана бөлімдерінде «Сырғалым» қыз-келіншектер клубы, «Жас өркен» поэзия клубы, «Өнерлі өрен» оқырман клубтары жұмыс жасайды. 2025 ж. «Оқуға құштар оқырман» атты жобасы жақсы нәтиже көрсетіп биылғы жылы да әкімшілік қолдауымен өз жалғасын тапты.
Қалалық орталық кітапханасына кәзіргі таңда өзге нысанды ғимарат салынып жатыр.
8 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Күзгі гүлшоқтары" ...
1 Қазан - Халықаралық қарттар күніне арналған оқырмандарға қызмет көрсету ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі ...
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...






















