• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Республикалық акциясы аясында

Маңғыстау облыстық кітапханасында және аудан, қалалық кітапханаларында республикалық  «Бір ел - бір кітап»-2025 акциясы аясында  қаңтар-қыркүйек айлары арасында 134 іс-шара өткізілді. Қатысушылар саны: 3862  адам.

Облыстық кітапханасында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Телқоңыр» әңгімесіне талдау жасалды. «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаты туралы айтылды. Көрнекті жазушы Т.Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Әлімқұловтың шығармалары ел психологиясының тереңдігін, дәстүрлі мәдениеттің эпикалық кеңдігін, қоғамның дамуы үшін маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Т. Әлімқұлов нағыз  ұлы шығармаларды жасаған эпикалық прозаның шебері болған. Шараға «Жас қанат» мектебінің оқушылары, «Тұлға боламын» жобасының жетекшісі Сұлтан Тайғарин қатысып оқушыларға шығарма желісін әңгімелеп берді.Балалар өз оқығандарын ортаға салып талқылады, сұрақтарға жауап берді. 

06.03.2025 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Тәкен Әлімқұловтың  «Құлқын» әңгімесін талдау өткізілді. Мақсаты: Т.Әлімқұловтың еңбек жолымен, шығармаларымен таныстыру, кеңінен насихаттау. «Құлқын» әңгімесінің негізгі идеяларын, көркемдік ерекшеліктерін, автордың жазған ойларын ашып түсіндіру. 

19 наурыз күні Абонемент бөлімі  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы Тәкен Әлімқұловтың творчествосымен  таныстыру мақсатынд «Тәкен мұрасы – мәңгілік қазына» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Поэзиядан прозаға көшу жолын  үзеңгілес жазушылар баяндаған видео арқылы жеткізілді. Іс – шара барысында қатысушылар жазушының мұрасын жаңа қырынан танып, оның шығармаларына деген қызығушылықтарын білдірді. Шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары гуманитарлық колледжі, Асмет Ұлас колледжі және Медициналық колледж студенттері қатысты. https://www.instagram.com/reel/DHI29NBoyvi/?igsh=b2tzZHowbGo1YzFt

10.04.2025 ж.  «Бір ел – бір кітап»  Республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай  «Жұмекен мұрасы – ұлттың ұлы қазынасы» атты әдеби-танымдық кеш өткізілді.  Мақсаты: қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасының  терең  шығармалары  арқылы  жастардың ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүю – Отан  алдындағы  қасиетті  борыштары  екендігін  ұғындыру.  Ақынның өмір жолы, шығармашылығы туралы  мәлімет берілді, өлеңдерін балалар оқыды, талдады, әнұранды  орындады. Шараға IT  мектеп-лицейінің оқушылары қатысты, белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. 

17  сәуір  күні      «Бір ел – бір кітап»  республикалық  акциясы аясында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып қырмандар жүрегінен терең орын алып, есімдері ұлттық  әдебиет  пен  мәдениет тарихында мәңгі өшпес із қалдырған ақындардың өмірі мен шығармашылығын  насихаттап,  өлеңдерің оқып, әндері шырқалды. Шара соңында  «Екі ғұмыр, бір әдеби әлем» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. 




Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...

Жаңалыққа өту  

"Кітап қорын сақтау" бөліміне келген жаңа кітаптармен таныстыру  барысында. ...

Жаңалыққа өту  

Амал – жыл басы. Наурыздың 14-і күні есік ашатын бұл мерекенің тәрбиелік мәні ...

Жаңалыққа өту  

7 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен "Әйел- Ана ...

Жаңалыққа өту  

28 ақпанда Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімі ...

Жаңалыққа өту  

М. Өскінбаев атындағы облыстық филармония залында "Жырым қалсын жанымның ...

Жаңалыққа өту  

23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл ...

Жаңалыққа өту  

Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ...

Жаңалыққа өту  

Жас ұрпақты патриоттыққа, елді сүюге тәрбиелеу шаралары оқырмандардың жас ...

Жаңалыққа өту  

2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу