"Бақытты ғұмыр" кітабының тұсаукесері
20-маусым күні кітапханамызда ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты ІІ томдық жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Кітап авторы Ғалымжан Есқараұлы өзінің өмір жолы, ғылыми және шығармашылық қызметі туралы әңгімелеп, «Бақытты ғұмыр» кітабының жазылу тарихымен бөлісті. Автордың айтуынша, бұл еңбек – көп жылғы ізденіс пен өмірлік тәжірибенің, адам болмысы мен рухани құндылықтар туралы толғаныстарының жемісі.
«Бақытты ғұмыр» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, адамгершілік құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлер мен өнегелі өмір мәселелері кеңінен қамтылып, оқырманды ата-ана өнегесін құрметтеуге және отбасының қадірін бағалауға үндейді.
Кітаптың тұсауын Бекет атаның ұрпағы, Ислам Мырзабекұлы Қосқұлақтегі және кітапхана басшысы Айтуарова Зауре Жаншақызы кесті.
Іс-шараға "Маңғыстау" телеарнасының Бас редакторы Дәурен Құдайберген, кәсіпкер Нұркен Шеген Корекұлы, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Темірбаев Ердаулет Агментаевич, Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Сейдуалиев Нурмухамед Әділбекұлы, капитан Әбдімүтәліп Айтмұхамед Дінмұхамедұлы, 29011 әскери бөлімі теңіз жаяу әскері Десанттық-шабуалдау батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ш. Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары, жас сарбаздар мен филармония әншілері қатысты.
Тағылымды кездесудің соңында оқырмандар авторға алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...



















