«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы
Маңғыстау облыс кітапханаларында 16-шілде мен 10-тамыз аралығында «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы аясында әдеби кештер, кітап талқылау, кітап көрмелері, бейне ақпараттар ұйымдастырылып өткізілуде.
Соның ішінде 25-шілде күні «Сауалнама өтіп, сыйлық ал» атты акция өтті. Еліміздің әдеби мұрасын насихаттау, оқырмандарды дауыс беруге ынталандыру мақсатымен «Ең танымал 100 кітап», «Оқуға тұрарлық 100 әлем», «Кітап-алтын қазына» кітап көрмелері жасақталып кітапхана келушілеріне таныстырылды. «100 кітап – 100 қазына» бейне ақпарат жасақталып, кітапханаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына салынды. Т.б. шаралар өткізілді және жоспарға алынды.
8-тамыз күні «Ең танымал 100 кітап» кітап көрмесі ұйымдастырылады және сауалнама туралы ақпараты шығарылады.
9-тамыз күні 10-тамыз - Абай күні аясында және «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына орай «Маңғыстау жастары» орталығымен бірлескен әдеби-мәдени шара ұйымдастырылады.
10-қыркүйек күні «Әдебиет әлемінде» атты танымдық сағат өтеді.
22-қазан күні «Қазақстан әдебиеті» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылады.
«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасына белсене қатысуға шақырамыз!
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында қазақ ақыны Ж. Молдағалиевтың ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен №2201 әскери бөлімінде ақын, ағартушы, ...
Қазанның 20 жұлдызында «Өнер» секторында «Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз ...
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...