• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы өткізілді

2025 жылдың желтоқсан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде Маңғыстау облысы орталық Бекет ата мешітімен бірлесіп Серікбол Хасанның «Қаныш Сәтбаев кім?» кітабы бойынша  12 жастағы балалар арасында «Артық білім кітапта...» атты кітап сайысы өткізілді.  Сайысты өткізудегі негізгі мақсатымыз жеткіншек жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, өз елінің тарихи тұлғаларын тануға, оларды ң халқы үшін істеген еңбегін, қалдырған мұрасын үлгі тұту.  Сайыс үш кезеңнен тұрды:  1-кезең бойынша әр оқушыға оқыған кітабы бойынша экрандағы ұяшықтардан таңдау арқылы  сұрақтар берілді. 2-кезең «Сөзді сөйлет» деп аталады. Яғни кітап желісі бойынша бірілген бір сөзге байланысты оқиғаны баяндау керек. 3-кезең  «Тарих беттерінен». Экранда көрсетілген сурет қандай оқиғамен,кімдермен байланысты екенін әңгімелеу.Жүлделі орындарға Маңғыстау Қажылар қауымдастығы ақшалай сыйлықтармен балаларды марапаттады. 

2026 жылдың қаңтар айында Әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай Серікбол Хасанның «Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім?» атты кітабы бойынша интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының ұлы спортшысы, аты әлемге танымал балуан Қ. Мұңайтпасұлының  ұлағаттыөмірін насихаттау, оның өнегелі жолын жас ұрпаққа үлгі ету және ұлттық рухты жаңғырту. Шараға Мұнайлы ауданы№ 6 мектебінің 4 сынып оқушылары, Advanta.kz  мектебінің 4 сынып оқушылары қатысты. 

2026 жылдың ақпан айында Балалар бөлімінде  «Артық білім кітапта» атты ақын, зерттеуші Б.Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» кітабы бойынша 12-13 жас аралығындағы балалар арасында кітап оқу сайысы өткізілді. Жарысқа аудан, қала мектептерінен 24 оқушы қатысты. Бірінші кезеңде «Тұлғаны таны» балалар ұяшықтағы сұрақтарға жауап берді, екінші кезеңде «Сөз сырына үңілейік» кітапта берілген нақыл сөздердің мағынасын айту,үшінші кезеңде «Зерек болсаң – жауап бер» тест сұрақтарына жазбаша жауап беру.Сайыскерлерге Маңғыстау облысы Бекет Ата мешіті жанындағы Қажылар қауымдастығы  қаржылай сыйақымен демеушілік жасады.                



4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...

Жаңалыққа өту  

Наурыз айында  анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...

Жаңалыққа өту  

 14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...

Жаңалыққа өту  

14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...

Жаңалыққа өту  

13 сәуір күні  Қ. Сыдиықов  атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

Жаңалыққа өту  

Әнші Әміре Қашаубайұлының өмірі мен творчестволық жолына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу