«Қазақтың тұңғыш генералы»
Маңғыстау облыстық кітапханасының Оқу залы қазақ халқының тұңғыш генералдарының бірі, әскери қайраткер, генерал-майор Шәкiр Жексенбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш генералы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара аумақтық шекара қызметінің 2201А әскери бөлімінде өткізілді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты – жас сарбаздарға тарихи тұлғаның өмір жолын таныстыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және отансүйгіштік рухты нығайту болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға генералдың өмірі мен қызметі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оның қарапайым әскери қызметтен бастап, генерал-майор дәрежесіне дейін көтерілуі, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі кеңінен баяндалды. Әсіресе, оның табандылығы, жауапкершілігі және әскери тәртіпке адалдығы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, әскери бөлім сарбаздарына тақырыпқа байланысты дайындалған кітап көрмесі таныстырылды. Қатысушылар Шәкiр Жексенбаевтың өмір жолы мен қызметі туралы жазылған кітаптармен, тарихи деректермен танысты. Бұл көрме жас әскери қызметкерлердің тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Ақпараттық сағат аясында генералдың өмір жолын баяндайтын арнайы бейнебаян көрсетілді. Бейнематериал арқылы қатысушылар оның әскери қызметтегі жетістіктері мен ел алдындағы еңбегін көрнекі түрде тамашалады.
Іс-шара соңында сарбаздар Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екендігі жөнінде пікір алмасып, тарихи тұлғаның өнегелі өмірі бүгінгі әскери қызметкерлерге үлгі екені айтылды.
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...
23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...
Наурыз айында анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...
14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...
14 сәуірде Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасына ...
13 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...
Әнші Әміре Қашаубайұлының өмірі мен творчестволық жолына арналған ...
Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...
Балалар бөлімінің қызметкерлері балалар кітабы мерекесі мен қайырымдылық ...

























