«Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды
Мұнайлы аудандық орталық кітапханасында Ұлттық кітап күні және жаңартылған күнтізбе бойынша алғаш рет 23 сәуірде атап өтіліп жатқан Кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға ардагерлер ұйымының төрағасы Ч. Әбілов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р. Шамуханов және мәдениет бөлімінің басшысы Е. Құли қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Кеш барысында кітапхана саласының дамуына үлес қосқан кітапхана қызметкерлері Г. Ермекова, Ә. Тұрсынғалиева, С. Нұртазаева және Л. Жакипова сынды мамандар арнайы марапаттарға ие болды.
Мереке аясында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір кітап – бір ұжым» жобасы негізінде «Үздік кітап оқитын ұжым» байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, оқырман мәдениетін көтеру және ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті арттыру. Биылғы дода Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» дилогиясына арналды.
Сайысқа аудандағы №3, №4, №6, №12, №13, №14, №17, №18 және №21 жалпы білім беретін мектептердің ұжымдары қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынасты:
«Сұрақ – жауап»: шығарма мазмұны мен терминдері бойынша куиз-сынақ, "Мен осы кітапты оқуға кеңес беремін" тақырыбында кітапты жарнамалау үшін жасанды интеллект (AI) құралдарын пайдаланып бейнероликтер дайындап, "Өнерлінің өрісі кең" кезеңінде роман желісі бойынша сахналық қойылымдар қойылып, монологтар оқылды.
Байқаудың әділ бағасын белгілі мәдениет, әдебиет және кітапхана саласының білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы берді. Шара соңында
Бас жүлде: 12 - ЖББМ,
1- орын: 13 мектеп-гимназия,
2 - орын: 18 ЖББМ,
3- орын: 3 ЖББМ ұжымдары иеленді. Қалған ұжымдар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...
Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...
Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...
Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...
23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...
Наурыз айында анықтама-библиографиялық бөлімі 9-шы шағын ауданда орналасқан, ...
14 сəуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық əмбебап ...

























