• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Республикалық акциясы аясында

«Бір ел–бір кітап» республикалық акциясы аясында биыл оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы Маңғыстау облыс кітапханаларында кеңінен насихатталуда. Жылдың бірінші жартыжылдықта 30-дан астам әдеби іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Әр кітапханада республикалық акцияға арналған жылдық кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Шығарманы таныстыру мақсатында ақпан айында облыстық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әскери бөлімдер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында әдеби кездесулер, таныстырылымдар және пікір алмасуларды ұйымдастырды. Іс-шаралар барысында романның тарихи-танымдық, тәрбиелік маңызы айқындалып, елдік пен отансүйгіштік рухты қалыптастырудағы рөлі атап өтілді. Қатысушылар шығармада көтерілген ұлттық құндылықтар мен тағдырлы кезеңдердің бүгінгі қоғам үшін өзектілігін жоғары бағалады. Аталған жұмыс «Бір ел – бір кітап» акциясының мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етіп, кітап оқу мәдениетін арттыруға, әсіресе әскери қызметшілер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға оң нәтиже берді.

21 сәуір күні  “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында Жасөспірімдер бөлімінде “Тағдыр – ұлттық рухтың көрінісі” тақырыбында кезекті оқырман конференциясы өтті. Шараның басты мақсаты – халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің биылғы 90 жылдық                                                      мерейтойына орай оның “Тағдыр” романын терең талқылау, сондай-ақ жас оқырмандардың  төл әдебиетімізге, ұлттық құндылықтарымыз бен руханиятымызға деген қызығушылығын арттыру болды. Конференция барысында қатысушылар шығарма мазмұнына ой жүгіртіп, кейіпкерлер тағдыры арқылы ұлттық болмыс пен рухтың көрінісін талдады. 

https://www.instagram.com/reel/DXbGYvHDIuG/?igsh=aTQ0dnQ0aDlqaTUw

Облыстық кітапханасының Арнаулы бөлімде Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығымен жақынырақ таныстырып, насихаттау мақсатында жыл бойы тоқсанына бір рет жарық көретін «Сәуле-Луч» бедерлі-нүктелі журналымыздың 1,2 сандарында  Қ. Жұмаділовтің «Сырттан», «Жеті ата» т. б шығармалары жарияланды.

Облыс кітапханаларының оқырмандар клубтарында да акция аясында ұйымдастырылған түрлі форматта әдеби-мәдени іс-шаралар өтті. 

"Тағдыр" романы — Шығыс Түркістандағы қазақ тарихы негізінде жазылған тарихи роман.

Бұл романда жазушы Қытайдағы екі мың жылдан аса уақыт өмір сүрген монархиялық патшалық өкіметтің 1911 жылға дейінгі тарихи жағдайларына байланысты қазақтардың өмірін, күресін қайраткер тұлға Демежан арқылы көрсетеді...

Акцияға белсене қатысуға шақырамыз!



Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» қоз­ғалысын ...

Жаңалыққа өту  

18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші   ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...

Жаңалыққа өту  

11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...

Жаңалыққа өту  

Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...

Жаңалыққа өту  

"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...

Жаңалыққа өту  

"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу