«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
18-қараша күні жас ақын Гүлфарида Ермекованың жүрек тебіренткен "Сезім көктем ...
«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ...
Төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық ...
"100 кітап" жобасы аясында Бейнеу аудандық кітапханасының Ақжігіт ауылдық ...
"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта ...
“Kitaptime-2025” Республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуды насихаттау ...
Маңғыстау креатив алаңында: 8-қазан күні Қалалық Мәслихат депутаттарының ...
2025 жылдың қазан айы Маңғыстау креатив алаңында жемісті де мазмұнды айлардың бірі ...
23 қазан күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен ...
15 қазан күні облыстық кітапханасының Өнер секторында Халықаралық музыка күніне ...




__932857c2165f5c56627948e4258f89c3.png)




















