Мерзімді басылымдар залында
29 қаңтар күні Мерзімді басылымдар залында «Казправда - журналистік шеберліктің кемел мектебі» атты Казахстанская правда газетінің 105 жылдығына арналған ақпараттық сағат өтті. Кеш барысында шара мақсаты айтылып, слайд арқылы ақпарат көрсетілді. Газет туралы көптеген тың деректер мен қызықты ақпараттар берілді. Шараға қатысушы №6656 әскери бөлім сарбаздары белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Шара соңында сарбаздар өз пікірлерімен бөлісті.
27 наурыз күні Мерзімді басылымдар залы қызметкерлері Асмет Ұлас колледжіне барып, студенттерге арналған танымдық шара – “Сен білесің бе?” Инфо маниясы өткізді. Екінің бірі «Болашақта адамдар газет оқи ма? Жоқ әлде бүкілдей басылым электронды жүйеге көше ме?» деген сұраққа жауап таппай дағдарады. Кейде алға ұмтылу үшін кешегі тарихқа да көз салғанымыз жөн секілді. Осыдан VІ-VІІ ғасыр бұрын ашылып, әлі күнге дейін жұмыс істеп, оқырманын қанағаттандырып келе жатқан газеттердің де бар екенін білген соң, қағазға басылған дүниенің өз оқырманы бола беретіні туралы «Сен білесің бе?» атты инфо манияда кеңінен айтылды . Және газет қалай басылып шығатыны туралы бейнеролик көрсетілді. Оқырмандардың білімін тексеру мақсатында «Сен білесің бе?» атты әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылды. Белсене қатысқан оқырмандарға кітапханамыздың атынан кітап сыйға тартылды. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DHs3_zWsUSS
22 сәуір күні Мерзімді басылымдар залы Жаңаөзен газетінің 35 жылдығына «Газет – қоғам жаршысы» атты кездесу кеш ұйымдастырды. Жергілікті басылымдарды насихаттау және газет тарихы туралы ақпарат беруге Жаңаөзен газетінің редакторы- Гүлназ Бөлекбаевамен кездесті. Шара барысында Жаңаөзен газетінің тарихы, даму жолы және редакторлары туралы бейнематериал көрсетумен басталды. Кеш қонағы газет туралы кеңінен айтып, оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар: М.Сеңгірбекұлы атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері, Жаңаөзен газетінің редакторы мен тілшісі.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DIxnN0uz7-d/
Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы ...
2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан ...
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ...
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті ...
28-қараша күні "Достық" үйінде қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына ...
17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...