«Сегіз қырлы, бір сырлы»
18 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алтын қалам» байқауының жүлдегері, «Мәдениет саласының үздігі», сазгер Ерекен Қорабаевтың 70 жасына арнап «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ақынның қатысуымен кездесу кешін өткізді. Кеш қонақтары: балалар ақыны Көмек Ыбыраев, мәслихат депутаты Пәния Сармурзина, ақындар Ислам Қосжан және Маусымжан Диханбаева, профессор Әділет Қабылов, әнші Есенбай Құли, ұстаз Қамар Ауданбаева болды.
Әдеби-мәдени шараның негізгі мақсаты - қаламгердің шығармашылық жолын насихаттау, әдеби мұрасын оқырманға кеңінен таныстыру және Маңғыстау әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген қаламгерлердің еңбегін дәріптеу.
Кеш ақын туралы бейнебаян көрсетуден басталып, ары қарай өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Зиялы қауым өкілдері ақын, жазушы, сазгер туралы түрлі естеліктер айтып, жылы лебіздері мен құттықтауларын жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DddJ0PXo-J7/?stkn=OTRqNHd6c212MWFp
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...



















