• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Клубтар мен үйірмелер жұмысы

Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында  ағылшын тілінен ересектерге арналған «English speaking club» және «Book club» үйірмелері тұрақты түрде өткізілді. Үйірмелердің негізгі мақсаты – қатысушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және өзара тәжірибе алмасу.

«English speaking club» үйірмесі барысында клубқа жаңадан оқырмандар келіп тіркеліп, өздерін ағылшын тілінде таныстыру арқылы топ құрамына қосылды. Қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, оларды ағылшын тілінде шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар әртүрлі сөйлесу тапсырмалары орындалып, аудио тыңдау және еркін диалог жүргізу арқылы тілдік практика жасалды. Үйірмеге ай сайын 40–60 адам қатысады, жас ерекшеліктері 17–50 жас аралығын қамтиды.

«Book club» үйірмесінде сәуір айында ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» шығармасы талданып, қатысушылар шығарма кейіпкерлері мен негізгі идеялары жөнінде пікір алмасты. Кітап бойынша талдау жұмыстары ағылшын тілінде жүргізіліп, оқырмандар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар келесі айға оқуға Реймонд Самсонның мотивациялық кітабы таңдалып, қатысушыларға алдын ала таныстырылды. Үйірмеге тұрақты түрде 10–15 адам қатысады, жас ерекшеліктері 15–50 жас аралығында.

Облыстық кітапханасы Балалар бөліміндегі «Айгөлек» клубы 5-сәуір күні  балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз өлкесінің табиғатын, тарихын және мәдениетін таныту,  өз өлкесін мақтан тұтып, оны өнер арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру мақсатымен «Менің өлкем» тақырыбында балалар  арасында сурет сайысын өткізді. 

18.04.2026 ж.«Айгөлек»  клубының кезекті сабағында балалармен  «Кім жылдам?» атты мақал-мәтелдер ойыны өткізілді. «Асан мен Үсен» әңгімесі оқылды, талқыланды.

25.04.2026ж. Балалар әдебиеттер бөлімінің «Өлкетану» үйірмесінің кезекті сабағында туған жердің табиғатын қорғап, таза ұстауға үйрету мақсатымен  Өлке табиғаты мен демалыс орындары таныстырылды.

 




Әнші Әміре Қашаубайұлының өмірі мен творчестволық жолына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...

Жаңалыққа өту  

Балалар бөлімінің қызметкерлері балалар кітабы мерекесі мен қайырымдылық ...

Жаңалыққа өту  

Жыл сайын 2-сәуір балалар кітабы мерекесі апталықтармен аталып өтеді. Апталық ...

Жаңалыққа өту  

Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған терроризм, эстремизм туралы мәселелер ...

Жаңалыққа өту  

ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ...

Жаңалыққа өту  

Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...

Жаңалыққа өту  

"Кітап қорын сақтау" бөліміне келген жаңа кітаптармен таныстыру  барысында. ...

Жаңалыққа өту  

Амал – жыл басы. Наурыздың 14-і күні есік ашатын бұл мерекенің тәрбиелік мәні ...

Жаңалыққа өту  

7 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен "Әйел- Ана ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу