• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Кітап тұсаукесерлері 2026

4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының іргетасын қалаған феномен  Серікбол Қондыбай мұрасына арналған «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани белес» атты 10 жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесері жоғары деңгейде өтті. Бұл — ғалым еңбегінің өміршеңдігін айқындаған, ұлттық руханияттағы сабақтастықты жалғаған маңызды мәдени-ғылыми оқиға болды. 

Шара барысында авторлар мен зерттеушілер сөз сөйлеп, жаңа еңбектер кеңінен таныстырылды. Кеш мазмұнды баяндамалар мен тағылымды ойларға ұласты. Сондай-ақ, «Қазақ рухының символы» атты  көрме ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/DVqaLQoApL_/?igsh=MTJucHV0cHB1Z3Y4bg==

Сәуір айында Маңғыстау облыстық кітапханасының конференц залда Қамар Тұмашқызының «Әулие құпиясы» кітабының таныстырылымы өткізілді. Бұл еңбекте Аманбай атаның 1850-1932 жылдар аралығындағы ғибратты ғұмыры, оның ел арасындағы емшілік, көріпкелдік қасиеттері мен соңғы өсиеттері жан-жақты баяндалған. Шара барысында Бекет Ата танушы, ардагер ұстаз Ислам қажы Мырзабекұлы әулиенің қасиеттеріне тоқталып, өзінің кітаптарын кітапханаларға сыйға тапсырды.

Ұлттық кітап күні аясында Маңғыстау облыстық кітапханасында Парсы тіліндегі Атрие Чалактың  «Сұр түсті ағаш» атты кітабының таныстырылымы және Иран елшілігінің кітапты сыйға тарту рәсімі өтті.

Кеш мақсаты:  Иранда жарық көрген қазақ қызы Атриe Чалактың «Сұр түсті ағаш» атты кітабын оқырман қауымға таныстыру, шетелде жарық көрген отандық автор шығармаларын насихаттау, мәдени-әдеби байланысты нығайту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру.  Шараға Иран елшілігі, өлке зиялылары, кітапхана оқырмандары мен ұжымы қатысты.

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DXeDd95I1Xy/




Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...

Жаңалыққа өту  

Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...

Жаңалыққа өту  

Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...

Жаңалыққа өту  

Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу