Шетел әдебиеттер залында
Биылғы жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында 2026 жылғы мерейтой иелерімен және олардың шығармаларымен таныстыру мақсатында «Мерейтой иелері» сөресі ұйымдастырылды. Көрмемен №18 ЖББМ 7 сынып оқушылары, АКИЯ 3 курс студенттері, Маңғыстау облысы балалар ауылы, Украин этно-мәдени орталығынан Ақтауға лагерьге келген украин балалар, «Білім-инновация» лицей-интернаты» оқушылары танысты.
Шетел әдебиеттер залы «Татар поэзиясының шамшырағы» атты Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқай шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру және татар поэзиясының рухани құндылығын дәріптеумақсатында Татар этно-мәдени орталығымен бірлесіп еске алу кешін ұйымдастырды. Сонымен қатар, көрме ұйымдастырылып татар халқының бай әдеби мұрасын таныстыру, ұлттық мәдениет пен тілге деген құрметті арттыру көзделді. Шара барысында оқырмандарды тек ақын Ғабдолла Тоқай шығармаларымен ғана емес, өзге де татар ақын-жазушыларының еңбектерімен таныстыру арқылы әдеби сабақтастықты көрсету негізгі міндеттердің бірі болды. Шара барысында көрме таныстырылып, келушілер назарына кітаптарға шолу жасалды. Қонақтар көрмені қызығушылықпен тамашалап, татар әдебиетінің бай қазынасымен танысты. https://www.instagram.com/mangystau_creative/reel/DVK7SrGjIP2/
11 наурыз Неміс әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Генрих Маннның өмірі мен шығармашылығын «Неміс реализмінің шебері» ақпараттық сағат өткізілді. Шара барысында қатысушыларға Генрих Маннның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Жазушының өмір жолы, шығармашылық ерекшеліктері және неміс әдебиетіндегі орны туралы таныстырылым көрсетілді. Сонымен қатар оның белгілі шығармалары, соның ішінде Учитель Гнус, Верноподданный және Молодые годы короля Генриха IV туралы ақпарат айтылды. Студенттермен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сергіту мақсатында қызықты ойындар өткізілді. Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, әлем әдебиетіне деген қызығушылықтарын білдірді. https://www.instagram.com/reel/DVvSwIWDGp4/?igsh=MTBtc2Foa25qMnNjeQ==
Шетел әдебиеттер залы «Өз заманының кемеңгері» тақырыбында композитор, Вена класссикалық мектептің негізін салушыларлың бірі В.А.Моцарттың туғанына 270 жылтолуына орай онлайн ақпарат жариялады. Ақпарат барысында В.Моцарттың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берілді. В.Моцартың артына қалдырған таңғажайып туындылары мен өнер иесінің өмір жолына қатысты деректер келтірілді. Сонымен қатар, В.Моцарттың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беретін «Өз заманының кемеңгері» тақырыбында кітап көрмесі дайындалып, көрмеге В.Моцарттың шығармашылығына қатысты ақпараттар қойылып, таныстырылды. https://www.instagram.com/reel/DTj2TrCiC7X/?igsh=Y2U5dW4xcnNic3Zx
«Түркі әлемінің ұлы ойшылдары» атты көрме Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында ұйымдастырылды. Көрме "Ватандошылар" қоғамдық қоры ұйымдастырған әдеби кеш аясында жасақталды. Көрмеге Әлішер Навои мен Бабырдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ғылыми-зерттеу еңбектер, тарихи деректер мен иллюстрациялық материалдар қойылды. Келушілерге ойшылдардың әдеби мұрасы, олардың түркі әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Танысты 150-ден астам адам.
Әлішер Навои мен Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр еңбектерінің тарихи маңызын көрсету, түркі өркениетіндегі орны мен рухани сабақтастығын ашу көзделді. Сонымен қатар, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және түркі халықтарының ортақ мәдени құндылықтарын кеңінен таныту негізгі міндеттердің бірі болды. Әдеби кеш барысында қатысушыларға қосымша көрме таныстырылып, тұлғалардың тарихи маңызы мен шығармашылық ерекшеліктері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қонақтар көрмемен танысып, рухани мұраға деген қызығушылықтарын білдірді. https://www.instagram.com/shetel.adebietter.zali/reel/DUqHjsFDMON/
23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл ...
Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ...
Жас ұрпақты патриоттыққа, елді сүюге тәрбиелеу шаралары оқырмандардың жас ...
2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ...
Кітапханамыздың «Өнер» бөлімі тарапынан «Шертпе күйдің шебері» атты күйші Сүгір ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана балалар бөлімінде Ақиық ақын ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 31 қаңтардағы Елбасымыз ...
10 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы балалар бөлімі ...
Ақпанның 7-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Бүгінгі күнде кітаптардың мұқабасы көркем безендірілген, сапалы қағазда ...
























