«Отбасы – руханияттың алтын бесігі»
Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Отбасы – руханияттың алтын бесігі» атты рухани-танымдық шара өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анаға деген құрметті арттыру, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің отбасындағы маңызын түсіндіру, жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке және отбасылық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Шараға арнайы қонақ ретінде «Құтты білік» орталығының ұйымдастырушысы, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясын насихаттаушы Мәулен Мақсотұлы қатысты. Қонағымыз «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарық көрген еңбектерге тоқталып, ұлттық психология мен дәстүрлі тәрбиенің заманауи отбасындағы маңызын тереңнен түсіндірді.
«Отбасы – руханияттың алтын бесігі» атты рухани-танымдық шара қатысушыларға рухани азық сыйлап, отбасылық құндылықтарды ұлықтауда үлкен әсер қалдырды. Кеш соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен шара қонағына ризашылықтарын білдірді.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DdJBOwnImWP/
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...






















