Ертегілер еліне саяхат
«Ертегілер еліне саяхат» атты әдеби іс-шара балаларды халық ауыз әдебиетінің бір саласы - ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында № 3 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-мен бірлесіп 27-шілде күні өткізілді. Шарада балаларға ертегілер дауыстап оқылды, облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөліміне келіп түскен жаңа кітаптармен таныстырылды.
Балалар бөлімінің «Айгөлек» әдеби-танымдық клубы мүшелері шілде айында балалар шетел жазушыларының ертегілерін оқып, олардың мазмұнын талқылады.Сонымен қатар балалар жылдам қимылдауды қажет ететін қызықты ойын ойнап, сергіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Ойын барысында олардың шапшандығы, ептілігі және бір-бірімен ынтымақтастықта әрекет ету дағдылары дамыды.
Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатырған бағыттың бірі-латын әліпбиіне ...
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...
Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...
Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...
Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...
Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

























