Маңғыстау креатив алаңында
2025 жылғы желтоқсан айында Маңғыстау креатив алаңында ұйымдастырылған іс-шаралар мазмұны мен бағыты жағынан жан-жақты болып, мәдени-ағартушылық, әдеби-танымдық, тәрбиелік, әлеуметтік және білім беру бағыттарын толық қамтыды. Ай көлемінде өткізілген іс-шаралар әртүрлі жас санатындағы қатысушыларды қамтып, жастардың, ата-аналардың, кітапхана қызметкерлерінің және қоғам белсенділерінің белсенді қатысуымен өтті
Өткізілген шаралар жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, тілдік және интеллектуалдық қабілеттерді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық және әлеуметтік мәселелерді талқылау мақсатында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының шығармаларын талқылауға арналған әдеби кездесулер, ағылшын тіліндегі Speaking Club, тарихи-танымдық лекциялар, интеллектуалдық ойындар мен кәсіби семинарлар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Сонымен қатар, өткізілген тренингтер мен семинарлар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, өзекті тақырыптар бойынша тәжірибе алмасуға және білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етті. Іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілу сапасы жоғары деңгейде бағаланып, қатысушылардан оң пікірлер алынды.
Жалпы алғанда, желтоқсан айындағы іс-шаралар Маңғыстау креатив алаңының қоғам үшін маңызды мәдени-білім беру орталығы ретіндегі рөлін айқындап, алдағы уақытта да осындай мазмұнды әрі пайдалы іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыру қажеттігін көрсетті.
1 Мамыр-Қазақстан Халқының бірлігі күніне орай №8 орта мектебінің 9 сынып ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және ...
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар бөлімінде 2- ...
Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе отырып, ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...























