• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті!

Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен тұрғындары үшін  «Кітап керуен – Ақтау» жәрмеңкесі өтті. Қалың оқырман қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармаларымен танысып, авторлармен еркін форматта пікір алысты. Сондай-ақ заманауи дизайнда қайта басылып шыққан классик туындыларды қолжетімді бағамен сатып ала алды. 

Салтанатты шараның лентасын Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов пен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова кесті. 

Қала әкімі Әбілқайыр Байпақов шара барысында құттықтау сөз айтып, мұндай кітап жәрмеңкесінің ерекшелігін, кітап оқитын ұлтқа айналудың маңызы мен мәнін түсіндірді.

Тұңғыш рет өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне: жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оңайгүл Тұржан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Маңғыстау филиалының төрайымы Анар Шамшадинова, ақын, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлайым Дәуітбаева, жазушы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақытгүл Сәрмекова, жазушы, ҚР Мәдениет және ақпарат саласының үздігі Қанат Тілеухан, ақын, жазушы Ақберен Елгезек, ақын, драматург Ұларбек Нұрғалым сынды алыс-жақыннан келген құрметті қонақтар қатысты.

Бұдан бөлек, арнайы осы кітап жәрмеңкесіне елімізге танымал баспалар да келіп, қатысты. Атап айтқанда:

Qasym kitap;  Steppe&World;  Абай; Арман-ПВ; ZIYAT; SANA ; MAZMUNDAMA ;  Marfu Press; Отбасы Хрестоматиясы; WIK HOUSE баспалары қатысты.

Екі күндік кітап жәрмеңкеде кітаптарға жеңілдіктер, түрлі шаралар және әдебиет пен шығармашылық дамуға қатысты тақырыптарда арнайы секциялық отырыстар, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен тұсаукесерлер өтті. 



9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана балалар бөлімінде Ақиық ақын ...

Жаңалыққа өту  

9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 31 қаңтардағы Елбасымыз ...

Жаңалыққа өту  

10 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы балалар бөлімі ...

Жаңалыққа өту  

Ақпанның 7-жұлдызында  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Бүгінгі күнде  кітаптардың  мұқабасы көркем безендірілген, сапалы қағазда ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірім бөлімінің қызметкерлердің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың ең үздік 10 ...

Жаңалыққа өту  

Ақпан айының 3-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Әнші Нұрғали ...

Жаңалыққа өту  

Отанымыздың Тәуелсіздік мерекесіне тарту мақсатында 24 қараша күні өнер ...

Жаңалыққа өту  

16 қарашада облыстық кітапхана тарапынан КИБО кешенімен Мұнайлы аудандық №7 орта ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу