«Ұшқан ұя» отбасылық оқырмандар клубы
Маңғыстау облыстық кітапхана платформасында құрылған «Ұшқан ұя» отбасылық оқырмандар клубының мақсаты – жақсы қауымдастық қалыптастыру, ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, рухани әрі зияткерлік өсуді қамтамасыз ету.
Клуб аясында ата-аналармен бірігіп, бала тәрбиесіне арналған «Қабуснама» кітабы оқып талқыланды, «Мамандықтың мәні» кітабын талдау барысында ата-аналар өздерінің жоғары сыныптағы балаларымен бірге қатысып, мамандықтың маңызын тереңірек түсінуге тырысты. Нәтижесінде балалар болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, ата-аналар балаларды қолдау жолдары туралы құнды ойлар алды. 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Ұшқан ұя» клуб мүшелері кітапханаға «Кітап сыйлау акциясын» ұйымдастырды.
Маңғыстау облыстық кітапханасының Балалар бөлімі жаңынан құрылған «Тұлға боламын» кітап оқу жобасы аясында жыл бойы балалар түрлі кітаптар мен көркем әдебиеттерді оқыды. Атап айтсақ, “Айдаһар қыздар”, “Айдаһар әміршілері, “Кітапқұмар”, “Кітаптан қорқатын бала”, “Бала Мәжиттің хикаялары”, “Қаныш Сәтбаев кім?”, “Әбіш Кекілбаев кім?” және тағы басқа кітаптар Оқу барысында олар өз ойларын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтті. Сонымен қатар сөйлеу, жазу және сыни ойлау дағдыларын дамытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
«Тұлға болам» жобасының мақсаты - Мемлекет басшысы ұсынған «Зерделі ұлт»тұжырымдамасымен толық үндеседі. Жобаның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру.
Клуб, жоба авторы, кітапхана амбассадоры, белсенді оқырман Сұлтан Тайғарин.
Кітапханаға кел, бізбен бірге дамы!
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...
Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...
Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...
Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...
Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...
Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

























