• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Клубтар жұмысы

«Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-де жаңа оқырмандарды тарту, балалар мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатымен тұрақты негізде қызығушылық клубтары мен үйірмелер жұмыс жасайды.

   Шетел әдебиеттер залындағы ағылшын тілінен «Book club» оқырмандарға кітап оқуды насихаттау бағытында әртүрлі жас ерекшеліктеріне арналған тиімді және тұрақты жұмыс жүйесін қалыптастырған. Жыл бойы қатысушылар ағылшын тіліндегі кітаптарды оқып-түсініп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бір айда бір кітап таңдалып бірге оқылды. Мысалы, сәуір айында ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» шығармасы талданып, қатысушылар шығарма кейіпкерлері мен негізгі идеялары жөнінде пікір алмасты. Мамыр айында Реймонд Самсонның мотивациялық кітабы таңдалды.

   Жасөспірімдер бөлімінің «Сана» клубының ай сайынғы отырыстарында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», ағылшын жазушысы Джейн Остиннің «Тәкаппар ғашықтар» т.б. шығармалары талданып, шығармаларының тәрбиелік, тарихи және көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, өз ойларымен бөлісті. 

   Балалар бөліміндегі «Айгөлек», «Өлкетану» клубтарында балалардың бос уақыттарын тиымды пайдалану, кітап оқуға тарту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз өлкесінің табиғатын, тарихын және мәдениетін таныту,  өз өлкесін мақтан тұтып, оны өнер арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру мақсатымен апта сайын қызықты да тартымды сабақтарды өткізіп тұрады. Клуб жұмысында дауыстап оқу сағаттары, балалар журналдарындағы мақалалар мен ертегілерді талдау сағаттары өткізілуде. 

Кітапхана амбассадоры Сұлтан Тайғаринның "Тұлға боламын"  оқушылар клубы мен "Ұшқан ұя" ата-аналарға арналған клубы да тұрақты түрде жұмыс жасайды.

   Сонымен бірге Маңғыстау облыстық кітапханасы қаламыздағы "ШАМ", "Шыңырау", "Сүмбіле", "Поэзия клубы" орталықтарымен тығыс байланыста жұмыс жасайды. Жыл сайын кітапханамен бірлесіп кітап тұсаукесерлері, әдеби отырыстары, дауыстап оқулары, поэзия кештері өтіп жатыр. Атап айтқанда, ШАМ орталығының ұйымдастыруымен Дулат Исабековтың “Гаухартас” шығармасына талқылау сағаты, Дэн Браун "Да Винчи коды" кітабына кезекті талқылауы, “Сүмбіле” клубының “Кітап оқудың ең тиімді әдістері” тақырыпта тренинг сағаты, «Шыңырау» клубының кезекті отырысында Әбіш Кекілбаевтың “Күй” повесі бойынша талқылау, Мұхтар Мағауин “Көк Мұнара” кітап талқылауы өтті. Сонымен бірге "Поэзия клубы" орталығы поэзия кешін т.б. өткізді. Оқылған кітаптар бойынша квиз ойындары да жиі ұймдастырылады.




Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік рәміздер -ел мерейі" атты ...

Жаңалыққа өту  

Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатырған бағыттың бірі-латын әліпбиіне ...

Жаңалыққа өту  

24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...

Жаңалыққа өту  

Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...

Жаңалыққа өту  

Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...

Жаңалыққа өту  

Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...

Жаңалыққа өту  

Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу