Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай кітапхана қызметкерлері мен Шахмардан Есенов атындағы университет студенттері бірлесіп «Біз салауатты жастар үшін!» атты шара өткізді. Ең алдымен «Денсаулық – зор байлық» атты кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды. Спорттық сергіту жаттығулары мен эстафеталар ұйымдастырылды. Бұл күн жастар мен кітапханашылар үшін өте пайдалы болды. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталды. Шараның мақсаты: Жастардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...















