Халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Иран Ислам Республикасының елшілігі кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, құрметті қонақтар және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Шетел әдебиеттер залында Иран әдебиеттері бұрышы ресми түрде ашылып, жаңа сөрелерге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында ұлы парсы ақыны Фирдоусидің шығармашылығы мен мұрасы туралы естеліктер айтылды. Иран делегациясы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл шара – халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барлық оқырмандарды Иран әдебиетінің бай мұрасымен және Фирдоуси шығармаларымен танысуға шақырамыз!
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...















